ҚазақшаРусский

Сайрам аудандық мәслихатының веб-сайтына хош келдіңіздер!

Біздің сайт арқылы Сіздер ауданның экономикалық жағдайының артуына, жергілікті тұрғындарымыздың әлеуметтік деңгейінің жақсаруы жолында аудандық мәслихат аппаратының және мәслихаттың  тұрақты комиссияларының атқарып жатқан жұмыстары жөнінде толыққанды мәліметтер алуларыңызға болады.

Сайрам ауданы ертеден тарихи-мәдени ескерткіштерімен күллі әлемге паш етіліп қана қоймай, республика көлемінде өзінің жоғары демографиялық өсімімен, көпұлттылығымен, еңбексүйгіштігімен дараланып, жалпы ауылшаруашылығы мен өнеркәсібі іргеленіп келе жатқан өркенді өңір ретінде баршамызға аян.

Міне, осы бағытта игі істердің жүйелі жүзеге асуына Сіз бен біз себепкерміз. Сондықтан, ауданымыздың қоғамдық-саяси дамуына үлесіңізді қосқыңыз келсе, өздеріңізді  толғандырып жүрген кейбір мәселелер бойынша сауалдарыңыз бен өз ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруға Сіздерге мүмкіндік беріліп отыр.

Ізгі ниетпен, Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы
Жансерік Мұсахан

 

Аудандық мәслихат хатшысы, Қоғамдық кеңес төрағасы Жансерік Мұсаханұлы Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысын өткізді.
Аталған ісшараға Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссия төрағалары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Толығырақ...

 

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Толығырақ...

 

Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы 2020 жылғы 31қаңтар күні сағат 11.00-де аудан әкімшілігінің мәжіліс залында (1-қабат) өтеді.

Күн тәртібі:
1. Аудан әкімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
2. Аудандық мәслихат хатшысы және қоғамдық кеңес төрағасының 2019 жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндамасы;
3. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту" туралы шешімінің жобасына қорытынды беру.

 

Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына Сайрам аудандық мәслихатының барлық депутаттарының қатысуы міндетті.

 

2020 жылғы 15 қаңтарында өткізілген Сайрам ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  отырысына жұмыс тобының басшысы Ж.Мұсаханұлы төрағалық етті. Күн тәртібіне Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелер сайлау туралы мәселе енгізілді.

Толығырақ...

 

Қазақстан Респубикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 9-бабына сәйкес, Сайрам ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Сайрам ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде мемлекеттік органдардың өкілдері және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар арасында конкурс өткізетіндігі жайлы хабарлайды.

Толығырақ...

 

2019 жылдың 18-19 желтоқсан күндері аралығында Сайрам аудандық мәслихатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республиксы Тәуелсіздігінің 28 жылдығы, Казақстан мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне орай, «Елін сүйген ер болар» тақырыбында екі кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны – 2019» байқауы өткізілді.

Толығырақ...

 

2019 жылғы 3 желтоқсан күні өткен Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясына Балатаев Қайрат Жаппарұлы төрағалық етті. Сессия күн тәртібіне енгізілген  «Сайрам аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 8 қаңтарындағы №36-232/VІ «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндады.

Толығырақ...

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты 12 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына жаңадан  мүшелер енгізілетіндігі туралы хабарлайды.

Толығырақ...

 

Бүгін Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары Қайнарбұлақ, Қарабұлақ ауылдық округтерінің әкімдерін сайлады. Дауыс беру қорытындысы негізінде Есболай Рысқұл Оспанұлы мен Абдукадиров Абдугапир Абдираззакович Қайнарбұлақ, Қарабұлақ  ауылдық округтерінің әкімдері болып сайланды.

Толығырақ...

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?