ҚазақшаРусский

ЖОБА

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 104 бабының 5 тармағына, 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының        6 бабы 1 тармағының   1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы №46/382-V«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №44/351-V «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3530 тіркелген шешіміне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы      №49-345/V «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3486 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 17 239 295 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 1 871 129 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 15 004 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 29 771 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 15 323 391  мың теңге;

2) шығындар – 18 233 704 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 27 651 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 31 815 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 4 164 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы– - 1 022 060 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 1 022 060 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 31 815 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 4 164 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 994 109 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1,4 қосымшалары осы шешімнің 1,4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоланысқа енгізілсін.

Жуктеу

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы Е.Беркінбаев

Аудандық мәслихат

хатшысы  Ж.Сүлейменов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?