ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, „Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы“ Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және „Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы“ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының                    1- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Арыс ауыл округіне қарасты Арыс ауылының әкімшілік шекарасына “Арыс“ селолық тұтыну кооперативінің аумағында орналасқан жалпы көлемі 22,0 гектар жер қосылып, Арыс ауылының шегі өзгертілсін.

2. Бадам ауыл округіне қарасты Құрсай ауылының әкімшілік шекарасына ауданның жер қорынан жалпы көлемі 32,7 гектар жер қосылып, Құрсай ауылының шегі өзгертілсін.

3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия                                                                      Сайрам ауданының

төрағасы                    Р.Хайтенов әкімі                   У.Қайназаров

Сайрам аудандық мәслихатының

хатшысы                    К.Орашов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?