ҚазақшаРусский

Жоба

 

 

 

Сайрам аудандық мәслихатының

2012 жылғы 12 сәуірдегі № 4-37\V

«Сайрам ауданының мұқтаж

азаматтарының жекелеген санаттарына

әлеуметтік көмек көрсету туралы »

шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсан айындағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкімітінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 6, 11 тармақтарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

  1. Сайрам аудандық мәслихатының  2012 жылғы 12сәуірдегі 4-37\V «Сайрам ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы »шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 14-10-189 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы «Мәртөбе» газетінің № 21 санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы :

« 9) Мұқтаж мүгедектерге «Әлеуметтік такси» қызметін жергілікті өкілді органдардың шешімімен бөлінген қаржы мөлшерінде» тармақшасымен толықтырылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы:                                                         Е. Шәріпбеков

Аудандық мәслихаттың

хатшысы:                                                                     К. Орашов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?