ҚазақшаРусский

Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғанына биыл 25 жыл. Артқа тастаған осынау жылдарды біз қарышты қадамдармен жүріп өттік. Толағай табыстарға жеттік.

Кезінде Абылайханнан:  «Не арманың бар?» - деп сұрағанда, «Үш жүздің басын қоссам ба деп едім, қоса алмадым. Қала салсам ба деп едім, сала алмадым. Қазақты біртұтас ел етсем деп едім, оны да істей алмадым» деген екен.  Алаш асылдарының осындай мақсатын, аңсаған арманын іске асырып, тәуелсіз мемлекет құру – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің, нағыз ерлігінің арқасы деп білемін.

Президенттің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы-Қазақстанның ғаламдық дағдарысты еңсеріп, одан табысты әрі қуатты мемлекет болып шығуының ұтымды бағдарламасы.

Еліміз болып Елбасыға сенім артып, жүктелген міндеттерді жұмыла орындасақ біз алмайтын асу жоқ.

Сайрам аудандық мәслихаты өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауындағы және «100 нақты қадам ұлт жоспарындағы»  басты мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа ала отырып, біршама жұмыстар атқарылуда.

Биылғы 2016 жыл, өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжілісінің  кезектен тыс және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауымен басталған болатын.

Аудандық мәслихаттың 24 депутатынан құралған тұрақты комиссиялардың жұмысын жандандыру мақсатында аудандық мәслихаттың бұрынғы 4 тұрақты комиссиялары таратылып, жаңадан 5 тұрақты комиссия болып, қайта құрылды.

Аудандық мәслихаттың 5 тұрақты комиссиясы

 

1.Аудандық мәслихат-тың бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясы

(төрағасы Б.Зиятаев)

 

2.Аудандық мәслихаттың аумақтың дамуы және экология мен табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы

(төрағасы Е.Беркінбаев)

 

3.Аудандық мәслихат-тың, кәсіпкерлікті, құрылыс және комму-налдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы

(төрағасы Б.Жамалбеков)

4.Аудандық мәслихаттың құқық мәселелері, депутаттық этика және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясы

(төрағасы А.Хасанов)

5.Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы.

 

(төрағасы М.Сиддиков)

Өзінің жаңадан құрылғандығына қарамастан, аталмыш комиссиялар біршама жұмыстар атқарып жатыр.

Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары тарапынан ауыл округтерінде орын алған өзекті мәселелердің орындалу барысы туралы қысқаша айтып өтейін.

Депутаттар тарапынан келіп түскен ұсыныстардың жалпы саны -175, оның ішінде – ТҮКШ (тұрғын үй коммуналдық шаруашылық) бөліміне қатысты  -68, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне – 58, құрылыс – 16, білім беру -13, ауылшаруашылығы -7, ішкі саясат -1, мәдениет -1, денсаулық сақтау саласы  -11.  Бүгінгі таңда нақты орындалғаны -14.     135-і бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде және белгілі себептерге байланысты 26 мәселені жуық арада шешу мүмкіндігі жоқ. Мысалы, газ немесе су құбырлары толық жүргізіліп бітпей, елді мекендерге жолаяқ немесе жол жөндеу жұмыстары басталмақ емес.

Әрбір депутат өз сайлау округі бойынша берілген ұсыныстары негізінде жинақталған мәселелердің барлығы сала-салаға бөлініп, шешу жолдарын қарастыру мақсатында, тиісті мекеме, бөлім басшыларының қатысуында жеке-дара талқыланып, қолға алынған мәселені аяғына  дейін жеткізу үшін олар қадағаланып отыр.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысының жыл басындағы аудан тұрғындарымен өткізген кездесу барысында олар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылған болатын.

Жалпы берілген ұсыныстар саны -61, коммуналдық сала бойынша – 17, білім -3, транспорт -13, жер мәселесі -7, оның ішінде: тұрғын үй -3, почта -1, жайылым -3, құқық -1, медицина -2, мәдени-спорт -5, ветеринария -2, төтенше жағдай -2, өрт сөндіру -1, су мәселесі -3 (ағын су -2, ауыз су -1) тағы да басқа мәселелер берілді. Берілген ұсыныстардың -14 толық шешілген,   16 - шешілу үстінде және кейбір ұсынылған мәселелер қаржы тапшылығына  немесе газ, су құбырларының жүргізілуіне байланысты тоқтатылса, енді бірі  басқа себептерге байланысты өз шешімін (жайылым, медпункт ашу, төтенше  жағдайлар мен өрт сөндіру бекеті) табу мүмкіндіктері жоқ.

Аудандық мәслихаттың ықпалымен тұрғындары тарапынан берілген ұсыныстардың бірі Ақсукенттегі  «Қазпочта»  ашық акционерлік қоғамы ғимаратына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуына пандус орнату және жеңіл автокөліктерін белгіленген  жерлерге қоюға мүмкіндіктер жасалынып, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен арнайы 3 орын белгіленді.  Олар: 1)орталық Абылайхан алаңында орналасқан С.Сейфуллин атындағы мектептің жаны; 2) аудандық әкімшілік ғимаратының алды;  3)автовокзалдың автотұрағы).

Коммуналдық мәселелер оның ішінде электр бағаналар мен ескірген сымдарды, трансформаторларды ауыстыру мен  орнату сияқты мәселелер кезең-кезеңімен инвестициялық бағдарламалар арқылы тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

2016 жылы Сайрам аудандық мәслихатының 3 депутаттық уақытша комиссиясы жұмыс атқарды.

1-депутаттық уақытша комиссия. 2016 жылдың 4 мамырында менің өкіміммен депутат С.Сағындықовтың төрағалығында уақытша комиссия құрылып, жұмыс атқарды. Қордаланған электр энергиясына қатысты мәселені 2 тамыз күні облыстық «Оңтүстік жарық Транзит» техникалық директоры Тастанов Архабай Нұрматұлы, аудандық электр энергиясын тарату жүйесінің басшысы Сапар Бөкенбаевтың, аудан әкімінің орынбасары және тиісті мекеме, бөлім және ауыл әкімдерінің қатысуында талқыланып, нәтижесінде трансформаторларды «Оңтүстік Жарық» мекемесінің балансына өткізуге жұмыс жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі таңда осы мәселені мүмкіндігінше шешу жолдары қарастырылуда.

Біздің басты мақсатымыз - иесіз жатқан трансформаторларды құжаттандыру. Белгілі бір меншікте болса, ертең халыққа зиян келтірмеудің  және жауапкершілікті мойнына алатын иесіне бекітіп берудің жолдарын қарастыру.

Қазан айында трансформатор мәселесін түбегейлі шешу мақсатында мәслихат хатшысы ретінде уақытша комиссия төрағасымен бірге облыс әкімі орынбасарының қабылдауында болып, мәселені жан-жақты талқыладық. Қуантарлық жағдай, бұл мәселе бойынша облыс басшылығы тарапынан тиісті министрлікпен бірге отырып шешу жолдарын қарастырып  «Оңтүстік Жарық» ЖШС-мен заң аясында жобалар жасалынып, бір жүйемен нақты жұмыстар атқару іске қосылатындығы жөнінен хабардар болдық.

Біздің ауданға 2016-2017  жылдарға инвест жобаларға қомақты қаржы қарастырылып, біршама жұмыстар атқарылатын болады деп жоспарлануда.

2- депутаттық уақытша комиссия. Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылға арналған іс жоспарына сәйкес, «Сайрам тазалық» ЖШС-нің атқарған жұмысы туралы мәселе 2016 жылдың маусым айында қаралды.

Аталған мекеменің атқарған жұмысы туралы аудан тұрғындарынан арыз-шағымдардың көптеп түсуіне байланысты мәселені толығымен зерттеп, кезекті сессияға қорытынды  әзірлеу мақсатында кейінге қалдырылған  болатын.

Сондықтан, 2016 жылдың 6 қыркүйегінде депутат М.Есалиевтің төрағалығымен депутаттық уақытша комиссия жұмыс атқарып, аудан тұрғындарын «Сайрам тазалық» ЖШС-нің аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуі және Ақсукент, Манкент ауылдық округтеріндегі ауыз су құбырларының жағдайы туралы мәселені зерттеп, қорытынды жасалды. Қорытындыға сәйкес:

1.Ақсукент №2 көпқабатты үйлерге қысқа мерзімде жаңа су құбырларына көшіріп сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы;

2.Манкент елді мекеніне қосымша су шығару ұңғысын орнатуды;

3.Абоненттерге толық есептегіш құралдарын талапқа сай етіп орнату туралы;

4.Заңды тұлғаларға ауыз су тарифін қайта қарап, тариф бағасын төмендету туралы (140-150 теңгеге) ұсыныстар берілді және бұл мәселе алдағы уақытта өтетін мәслихаттың  сессиясында қаралатын болады.

3-депутаттық уақытша комиссия. 2016 жылдың 20 қазанында оқушылардың сапалы білім алу деңгейі, олардың қауіпсіздігі, аудандағы білім беру мекемелерінің қысқы маусымға дайындығы бойынша аудандық мәслихаттың сессиясына мәлімет әзірлеу мақсатында депутаттық уақытша комиссия  құрылып, жұмыс атқаруда.

Аудандық мәслихаттың ендігі жоспарлап отырған басты мәселесі – аудан көлеміндегі мектептерге баратын көшелердің толық жарықтандырылуына және мектеп алдына жол кедергілері мен белгілерінің қойылуына ықпал жасау.

Әкімнің жұмысы – халыққа қызмет ету. Нақтырақ айтқанда, сеніп тапсырылған әкімшілік аумақтағы әлеуметтік, экономикалық және басқа мәселелердің шешілуін қамту. Бүгінгі таңда, жергілікті әкімдерге жеке бюджеттерді бөлу мәселесін шешу мүмкіндігі беріліп отыр.

Кешегі 13.07.2016ж., 14.09.2016ж. өткізілген Ақсу, Арыс ауылдық округтері әкімдерінің сайлаулары Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жетілдіру және қоғамды демократияландыру жолындағы осы жаңа қадамдардың жалғасы деп білемін.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудандық мәслихат аппаратына жалпы - 395 хат, жеке тұлғадан -15, заңды тұлғадан -1 өтініштер келіп түсті. Барлық келіп түскен хаттарға мерзімінде жауап берілген. Сондай-ақ, менің жеке қабылдауымда -37 азамат болды. Оның ішінде: әлеуметтік көмек бойынша -5, (демеушілер есебінен көмек көрсетілді), ауыз, ағын су мәселесі бойынша – 2, жер мәселесі бойынша – 1, және 29 мәселе бойынша жеке қабылдау барысында өзінің құзырлығына қарай тиісті мекемеге арыздану қажеттілігі жөнінде түсіндірілді.

Аудандық мәслихаттың негізгі жұмыс нысаны сессия болып  табылады. Мәслихат шешімдері орындалуымен құнды. Сондықтан шешімдердің орындалуы тұрақты комиссиялардың, мәслихат аппаратының қатаң бақылауына қойылған. Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер алдын-ала тұрақты комиссиялар отырысында қаралып, талқыланып, содан кейін ғана сессия қарауына ұсынылады.

Өткен шақырылым депутаттары секілді бұл шақырылым депутаттары да өз міндеттерін жаңа құлшыныспен атқаруда. Алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихат наурыз айынан бері 7 сессия өткізіп, онда елуге жуық ауданның көптеген өзекті мәселелерін қарап, олардың оң шешілуіне өз ықпалын жасады. Нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, ресми жарияланып, көпшіліктің назарына жеткіліп отыруда. Қабылданған шешімдер бойынша прокурорлық наразылықтар түспеген.

Сессия қарауына Сайрам ауданының әкімі қызметіне,  жергілікті полиция қызметі басшысын тағайындауға келісім беру туралы, бюджетті нақтылау, ауданның мемлекеттік, азаматтық қызметкерлеріне 2016 жылы көтерме жәрдемақы және  тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін  әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы, аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың құрамын бекіту туралы, Ақсукент ауылдық округі бойынша коммуналдық тарифтерді бекіту туралы, Сайрам ауданының Қоғамдық кеңесін құру және басқа да көптеген  мәселелер тыңдалып, шешімдер қабылданды.

2016 жылдың 21 қыркүйегінде Көлкент ауылының А.Мұзрапов атындағы жалпы орта мектебінде аудандық мәслихаттың  «көшпелі сессиясын» ұйымдастырып, өткіздік.

Бұл «көшпелі сессияның» басты мақсаты – Көлкент ауыл округінің тыныс-тіршілігімен етене-жақын танысу ғана емес, жергілікті және атқарушы органдар өкілдері мен ауыл тұрғындарының арасындағы қарым-қатынасты нығайту болатын.

Сессия жұмысы  алдында депутаттар  Қосбұлақ ауылындағы іргетасы жаңадан қаланып жатқан Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебін, 150 орындық балабақша құрылысы мен Көлкент ауылындағы қыш құятын цех жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, депутаттардың басым көпшілігі өздерінің жеке қаражаттары есебінен демеушілік ретінде атқарылып жатқан жұмыстары да жетерлік. Атап айтсақ, аудан көлемінде жыл сайын өткізіліп жатқан барлық іс-шараларға белсене араласып,  аяулы аналарымызға, Ұлы Отан соғысының  ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, жалғызілікті қарттарға, мүмкіндігі шектеулі және мектепке баратын тұрмысы төмен отбасылардың балаларына әрдайым  әлеуметтік көмек қолын созып, демеушілік көрсетсе, кейбір депутаттарымыз өзекті мәселелерді шешу мақсатында сметалық құжаттарын өз қаражаттары есебінен дайындалуына да септіктерін тигізуде. Аудандық мәслихат депутаттары қолдарынан келгенше, аянбай өзі сайланған округтерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге барынша ықпал жасап келеді.

Әрине, мәслихаттың құзыры барлық мәселелерді қамти бермейді. Депутат халықтың өкілі болғандықтан, олардың мұң-мұқтажы тиісті мекемелерге жеткізілуі керек. Бұл жасалып жатқан жұмыстардың барлығы атқарушы органмен бірлесе отырып қана қол жеткізілген және әлде де жеткізілетін мәселелер. Аталған органға да депутаттар тарапынан ұсынылған мәселелерді мүмкіндігінше шешу жолдарын қарастырып, мейлінше ықпал еткені үшін өзімнің жеке алғысымды білдіре кеткім келеді.

Егемендік алғанымызға ширек ғасыр болды. Елімізге егемендік оңай жолмен келмеді. Сондықтан, еліміздің тәуелсіздігін тұғырлы ететін іс-әрекеттер жасау баршамыздың  парызымыз. Оның ішінде, дініміз, тіліміз, дәстүрімізді аса жоғары  құндылықтармен насихаттаумен мәресіне жетеді. Мемлекет жанұядан тұрады. Жанұя қандай болса мемлекеттің де құндылығы сонда. Халық ішінде аса маңызды мәселелердің бірі ұрпақтың тәлім-тәрбиесі болғандықтан, «Аяулы ана, ибалы келін» тақырыбында келіндер сайысын өткіздім.  Өз отанынан жыраққа келін болып, өзге үйдің отынын түтетіп жүрген,  келіндерді бір-біріне үлгі ету, халықтың құнды қасиеттерін насихаттау мақсатында өткізілген бұл іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойына арналған еді.

Осындай  тағылымы мол шара енді өз жалғасын табады деген ойдамын.

Сіздерді 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат беріп өттім. Елбасымыздың ұлт жоспары аясында құрылған Қоғамдық кеңес пен аудандық мәслихат тығыз байланыста жұмыс атқаратына сенемін.

Халық қалаулысы депутат болып сайланғаннан кейін халық сенімін толық ақтап шығу үшін әлі де нақты жұмыстар атқаратын боламыз.

Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?