ҚазақшаРусский

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы:  Сайрам аудандық мәслихатының аппараты.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау  бағыттары:

1) Сайрам аудандық мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

 

3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы.

1) Сайрам аудандық мәслихатының аппараты

2) Сайрам аудандық мәслихат аппаратының басшысы –Тілеуова Ш.М

4. Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезеңі:

2016 жылдың  І І жартыжылдықтағы қызметі.

5.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы.

Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы –Сүлейменов Ж.М

Ішкі талдау бөлімі.

1. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын  1 нормативтік құқықтық акті бар:

- Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы "Б" корпусы Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы  № 52-369/V шешiмi.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 13-бабына және ОҚО бойынша тексеру
комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес, мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-аудиторы Ж.Жұмабеков Сайрам аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесіне «Сайрам ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау, мемлекеттік бағдарламаларды және салалық бағдарламалардың іске асырылуын бағалау» іс-шарасы бойынша     2016 жылдың  25-ші шілдесінен 2016 жылдың 8-ші тамыз аралығында аудиторлық алдын ала зерделеу жүргізді. Зерделеу барысында құқық бұзушылық анықталмады.

Сайрам аудандық мәслихатында 2016 жылдың ІІ-ші жартыжылдыгында 42 шешім қабылдаған. Қабылданған шешімдерде сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ. «Сайрам аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда. Сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлық және оған қарсы күрес мәселелері бойынша өткізілген барлық ic-шаралар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттык түсіндіру жұмыстары аудандық «ELNUR TV» телеарнасында және үш тілде шығатын «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газеттерінің беттерінде тұрақты түрде жариялануда. Аудандық «Мәртөбе» газетінің 2016 жылғы 14-ші қазандағы санында аудандық мәслихаттың сенім телефоны жарияланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Орымбетовтың аудан тұрғындарымен кездесуі туралы хабарланды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар жұмыс тобының жұмыстары туралы 7-ші қазанда жарияланды. Аудан әкімі аппаратының, ауылдық әкімдер аппаратының және де аудандағы атқарушы органдардың сенім телефондары 2016 жылдың 4-ші қарашасында аудандық «Мәртөбе» газетінде жарияланды.   Жергілікті «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газеттерінде «Қоғам дерті», «Жемкорлық-індет», «Жемқорлық-жегі құрт», «Заң және біз» атты айдарлары ашылған. Аудандық атқарушы органдар мен мәслихат аппараты қызметкерлері мақалалары жарияланған. Мысалы, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық-тексеру департаменті» Сайрам аудандық бөлімшесінің басшысы О.Оразалиевтің 14-ші қазандағы «Заң талабы қатал» мақаласы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Серікбаевтың 21-ші қазандағы «Жемқорлықты болдырмау басты парыз» мақаласы,  Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратовтың «Баршамызға ортақ іс» және Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы У.Халмурадовтың «Халықтың сенімі – іске сеп» атты 4-ші қарашадағы мақалалары, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Смағұлованың 11-ші қарашадағы «Жемқорлық зардабы көп» және аудандық әділет басқармасы басшысының м.у.а З.Түймебаевтың «Әдепті сақтаған озады» атты мақалалары, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі Г.Әзімханованың 14-ші желтоқсандағы «Қоғам үшін маңызды» атты мақаласы  және т.б.

Сайрам аудандық мәслихат аппаратына жеке тұлғалардан 18 және заңды тұлғалардан  1 өтініш түсті. Барлық өтініш иелеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12-ші қаңтардағы заңына сәйкес мерзімінде жазбаша түсініктеме берілді. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының арыз-шағым жәшігіне ешқандай арыз, шағым, өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген.

Сайрам аудандық мәслихат аппаратының штаттық құрылымы 5 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, мәслихат аппаратының басшысы 1 бірлік, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі 1 бірлік, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-бас есепшісі 1 бірлік, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-заңгері 1 бірлік, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маманы 1 бірлік.

Есепті кезеңде Сайрам аудандық мәслихат аппаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстар өткізілген жоқ және де кадрлар  ауысуы  болған жоқ.

Сайрам аудандық мәслихат аппаратында есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Сайрам аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызмет (гос услуги) көрсетпейді.

Сайрам аудандық мәслихат аппаратының рұқсат беру функциясы жоқ.

Сайрам аудандық мәслихат аппаратының бақылау функциясы жоқ. Сайрам аудандық мәслихат хатшысы ІІ-ші жартыжылдықта 41 өкім шығарған. Барлық өкімдерді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.

15. Арыс қалалық мәслихатында Мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысы анықталмады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесі бойынша талдамалық анықтама.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек. ҚР азаматтары өздерінің құқықтырын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.

Сайрам аудандық мәслихат

аппаратының басшысы Ш.Тілеуова

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?