ҚазақшаРусский

1.Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

1.2 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заңы;

1.3 «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңы;

1.4 «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Заңы;

 

 

1.5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

1.6. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

1.7. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңы;

1.8. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы;

1.9. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;

1.10.  Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы;

1.11. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы;

1.12. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

1.13. Мемлекеттік қызметтен өтудің осы Заңмен реттелмеген өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының заң актілерімен, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережемен реттеледі.

1.14. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-заңгері аудандық мәслихат хатшысынан және аппарат басшысынан тапсырмалар алады және бағынады.

1.15. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-заңгері «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымына тағайындалады және атқарып отырған лауазымынан босатылады.

2. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің

бас маман-заңгерінің  құқықтары

2.1.Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтары мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2.Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды талап етуге;

2.3. Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

2.4.Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан  ұйымдарда болуға;

2.5.Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

2.6.Жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7.Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және осы Заңда белгіленген өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне

2.8.Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта қарауға) және біліктілігін  арттыруға;

2.9.Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

2.10.Өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;

2.11.Біліктілігі, қабілеті, сіңірген еңбегі және өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша  жоғарылауға;

2.12.Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына тәжірбиесіне және осы Заңда белгіленген өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына  және еңбегіне ақы төленуіне;

2.13.Қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

2.14.Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өз жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының  назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

2.15.Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының  сақтауына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайына;

2.16.Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

2.17.Мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.18.Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

2.19.Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

3. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің

бас маман-заңгерінің міндеттері

3.1      Аудандық мәслихаттың құқық мәселелері, депутаттық этика және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;

3.2       Аудандық мәслихат аппаратының қызметін құқықтық, ақпаратты-талдамалық және консультативтік жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

3.3      Аудандық мәслихат хатшысы өкімдерінің заңдылығын қарайды және сессия шешімдерінің жобасын дайындайды;

3.4      Аудандық мәслихат аппаратының актілерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне сараптама жасайды;

3.5   Азаматтардың жазбаша, ауызша арыздарын белгіленген тәртіпте қарайды;

3.6            Сотта (аудандық, облыстық) және басқа да құқық қорғау органдарында аудандық мәслихат аппараты атынан өкіл ретінде қатысады;

3.7            Тұрақты түрде, қажет болған жағдайда, наразылық-талап, сондай-ақ келісім-шарт тәртібі бойынша жұмыс жүргізеді;

3.8            Нормативтік құқық актілерді қабылдауды, оның әділет органдарында тіркеуді, шешімі, қаулы, өкімдердің заңдылықтарын қадағалайды және олардың    ресми жариялануын бақылауды.

3.9            Нормативтік    құқықтық    актілерге мониторинг     жүргізуді жүзеге асырады және сараптамалық ақпараттар дайындайды;

3.10  Мәслихат аппаратының қызметі жөнінде прокурорлық наразылық және басқа да қадағалау актілерін қарап, олар бойынша ұсыныстар енгізеді;

3.11          Мәслихат хатшысына сотқа жіберілген және жіберілуге тиісті даулы мәселелер бойынша сараптамалық мәлімет дайындайды;

3.12  Қолданыстағы заңдылықты жүйелеу және кодификациялау жөнінде жұмыс жүргізеді;

3.13  Аудандық мәслихат аппаратының, мемлекеттік органдарының, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер жөнінде ауызша және жазбаша өтініштері бойынша қажетті кеңестер беріп отырады.

3.14  Нормативтерге сәйкес келіп түскен хаттарға жауап беруді қамтамасыз етеді.

3.15  Сайрам аудандық мәслихат сессиялары, тұрақты комиссиялары мен басқа да өткізілетін іс-шаралардың хаттамаларын толтырады;

3.16  Қызметтік міндеттемелерге сәйкес бөлім меңгерушісі болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарады.

3.17 Басшылардың өзге де тапсырмаларын орындайды.

 

4. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің

бас маман-заңгерінің  жауапкершілігі

4.1. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай- ақ осы Заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

4.2. Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік қызметшіге келесідей тәртіптік жазалар:

1) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

2) қызметінен төмендету;

3) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

Қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi тәртiптiк жаза лауазымын төмендету түрiнде тәртiптiк жаза қолдану мүмкiн болмаған кезде қолданылады.
Лауазымын төмендету түрiндегi тәртiптiк жаза төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болған және мемлекеттiк қызметшi осы лауазымға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.

Атқаратын қызметiнен босату түрiндегi тәртiптiк жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негiздер бойынша қолданылады

4.3. Тәртіптік лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттік әкімшілік қызметшіні оны тағайындаған басшы белгіленген тәртіппен жауаптылығы туралы мәселе шешілгенге дейін лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.

4.4.  Мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетінің заңсыздығы үшін жауап береді. Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметші, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.

4.5. Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады.

Таныстым _________________        ________________________________                                                                          (қолы)                    (мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің А.Ж.Т)

«___» ___________ 2016 жыл

Сайрам аудандық мәслихат

хатшысының

2016 жылғы «24 » мамыр

20 өкімімен бекітілген

5 қосымша

 

«БЕКІТІЛДІ»

Сайрам аудандық мәслихатының

хатшысы ____________Ж.Сүлейменов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?