ҚазақшаРусский

Сайрам аудандық мәслихатының

2011 жылғы 21-желтоқсандағы

№56-434/ІV «2012-2014 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгертулер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 13 тамыздағы №5/48-V «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №47/450-IV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2096 тіркелген шешіміне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сайрам аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №56-434/ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде    14-10-176 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 11 қаңтарда «Мәртөбе» газетінің №1 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 19 078 024 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 255 829  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 237 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 221 855 мың теңге;

трансферттер түсімі – 15 590 103 мың теңге;

2) шығындар – 19 183 339 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу –  5 321 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 7 281 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 960 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо–0 теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -110 636 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 110 636 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 7 281 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 615 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын бос қалдықтары – 103 970 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1,2 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (қоса тіркеледі).

2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық  мәслихат

сессиясының  төрағасы:                        Е.Шәріпбеков

Аудандық мәслихат

хатшысы:                                                К.Орашев

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?