ҚазақшаРусский

1.Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

1.2 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заңы;

1.3 «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңы;

1.4 «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Заңы;

 

 

1.5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

1.6. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

1.7. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін - өзін басқару туралы» Заңы;

1.8. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы;

1.9. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;

1.10.  Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы;

1.11. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы;

1.12. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

1.13. Мемлекеттік қызметтен өтудің осы Заңмен реттелмеген өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының заң актілерімен, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережемен реттеледі.

1.14. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маманы  аудандық мәслихат аппаратының басшысынан тапсырмалар алады және бағынады.

1.15. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маманы

(№ 01-5) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде уақытша жұмыс орнында болмаған кезде (еңбекке жарамсыздықта, іс-сапарда болғанда, еңбек демалысына шығу кезінде) оның міндеттерін аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маманы-заңгері (№ 01-3) атқарады.

1.16. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маманы  «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымына тағайындалады және атқарып отырған лауазымынан босатылады.

2. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің

бас маманының құқықтары

2.1.Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтары мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2.Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды талап етуге;

2.3. Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

2.4.Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

2.5.Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

2.6.Жеке басының қадір- қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7.Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және осы Заңда белгіленген өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

2.8.Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта қарауға) және біліктілігін  арттыруға;

2.9.Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

2.10.Өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;

2.11.Біліктілігі, қабілеті, сіңірген еңбегі және өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша  жоғарылауға;

2.12.Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына тәжірбиесіне және осы Заңда белгіленген өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына  және еңбегіне ақы төленуіне;

2.13.Қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

2.14.Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының  назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

2.15.Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының  сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайына;

2.16.Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

2.17.Мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.18.Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

2.19.Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

 

3. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің

бас маманының міндеттері

 

3.1      Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;

3.2   ҚР Президенті Әкімшілігінен, Премьер-Министрі Кеңесінен, ҚР-ның министрліктері мен ведомстваларынан, ҚР Праламентінен облыс әкімі, мәслихат аппараттарынан, облыстық басқармалар мен департаменттерден, барлық деңгейдегі мекемелерден, ауылдық әкімшіліктерден, бөлімдер және басқа да органдардан келіп түсетін қағаз жүзіндегі құжаттарды есепке алады;

3.3 Іс-жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың сөзсіз орындалуын қамтамасыз етеді оның жұмысын ұйымдастырады,

3.4  Барлық кіріс және шығыс корреспонденцияларды уақтылы қабылдап рәсімдеуді, тіркеуді және оны орындаушыларға жіберуді бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі негізінде (БЭҚАЖ), яғни «Lotus» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді.

3.5 Аудандық мәслихаттың аппарат қызметкерлерінің жеке-дара деректері, білімі, біліктілігі, еңбек өтілі, кәсіби тәжірибесі, бағалау және аттестациялау нәтижелері, ауысулары және тағы да басқа қызметкерге қатысты кадрлық мәліметтерді «Е-қызмет» жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді;

3.6 Жедел сұраулар мен хаттар келіп түскенде олардың аппарат басшысы мен орындаушыларға жедел түрде жіберілуін ұйымдастырады;

3.7 Жоғарғы органдардан түскен құжаттардың электрондық құжат айналымы бағдарламасына сәйкес тіркелуін қамтамасыз етеді, олардың орындаушыларға таратып, орындалуын бақылауға алады;

3.8 Әр ай, тоқсан сайын құжат айналымын, олардың талдау жұмыстары бойынша бөлім меңгерушісіне қорытынды анықтамалар дайындайды;

3.9   Сақталу мерзімі аяқталған құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға дайындайды;

3.10 Тиісті орындарға сын-ескертпелерді жіберіп, жауабын алып отырады;

3.11 «Б» корпусындағы Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жұмыстарын жүргізеді;

3.12 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министірлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ОҚО бойынша басқармасына жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша тапсырылатын есептерді дайындап, өткізілуін қамтамасыз етеді;

3.13 Аудандық мәслихаттың аппарат қызметкерлерінің жеке істерін, еңбек кітапшаларын, мемлекеттік қызметкерлерге кәсіби кластар беру туралы картотеканы жүргізеді;

3.14 Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге сараптама жасайды және оның мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, аудандық мәслихаттың хатшысына немесе аппарат басшысына қызметтік хат жолдайды;

3.15 Іс сапар куәліктерін толтырады және оларды есепке алады;

3.16 Сайрам аудандық мәслихат сессиялары, тұрақты комиссиялары мен басқа да өткізілетін іс-шаралардың хаттамаларын толтырады;

3.1     Жұмысқа шығудың күнделігін жүргізеді;

3.2     Басшылардың өзгеде тапсырмаларын орындайды.

 

4. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің

бас маманының жауапкершілігі

4.1. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай- ақ осы Заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте  болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

4.2. Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік қызметшіге келесідей тәртіптік жазалар:

1) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

2) қызметінен төмендету;

3) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

Қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi тәртiптiк жаза лауазымын төмендету түрiнде тәртiптiк жаза қолдану мүмкiн болмаған кезде қолданылады.
Лауазымын төмендету түрiндегi тәртiптiк жаза төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болған және мемлекеттiк қызметшi осы лауазымға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.

Атқаратын қызметiнен босату түрiндегi тәртiптiк жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негiздер бойынша қолданылады

4.3. Тәртіптік лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттік әкімшілік қызметшіні оны тағайындаған басшы белгіленген тәртіппен жауаптылығы туралы мәселе шешілгенге дейін лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.

4.4.  Мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетінің заңсыздығы үшін жауап береді. Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметші, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.

4.5. Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады.

 

Таныстым _________________        ________________________________                                                                                                                                 (қолы)                                 (мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің А.Ж.Т)

 

 

 

«___» ___________ 2016 жыл

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?