ҚазақшаРусский

ЖОБА

Сайрам ауданының елді мекендерінің

шегін өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы „Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы“ Заңының 12 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы“ Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Қарабастау және Жұлдыз ауылдарының әкімшілік шекарасына ауданның жер қорынан жалпы көлемі 93,0 гектар, оның ішінде: Қарабастау ауылы 42,0 гектар, Жұлдыз ауылы 51,0 гектар жер қосылып, Қарабастау және Жұлдыз ауылдарының шегі өзгертілсін.

2. Көлкент ауылының әкімшілік шекарасына ауданның жер қорынан  жалпы көлемі 25,36 гектар жер қосылып, Көлкент ауылының шегі өзгертілсін.

5. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сайрам ауданының әкімі У.Қайназаров

Сессия төрағасы А.Исаков

Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы К.Орашов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?