ҚазақшаРусский

Сайрам аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және «Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №1194 қаулысына сәйкес жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізеді.

Ескерту:

Сайрам ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан) өкілдік етудің сандық құрамы 9 (тоғыз) мүше болып айқындалған.

Коммерциялық емес ұйымдар және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады. Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы болуға ниет білдірген адам 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті аудандық мәслихат аппаратына ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

Мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың жұмыс тобына кандидатуралар бойынша және байқаушы болуға ниет білдірген азаматтардың ұсыныстарын қабылдау:  хабарландыру жарияланғаннан кейін   10 жұмыс күні мерзімінде күнделікті 9.00 мен 19.00 сағат аралығы (жұмыс күндері). Түскі үзіліс 13.00 мен 15.00 сағат аралығы.

Сайрам аудандық мәслихатының аппаратының мекен-жайы: Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі 95, Сайрам аудандық мәслихат аппараты,  электрондық пошта Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , құжаттарды қабылдауға жауапты Г.Әзімханова, телефон 22-388.

Сайрам аудандық

мәслихат аппараты

1 қосымша

Нысан

Кімге __________________________

(республикалық деңгейдегі
мемлекеттік органның және
(немесе) жергілікті деңгейлердегі
өкілетті органның атауы)

тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен

__________________________
__________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке
куәлік № ____, берілді (қашан,
кім))

Өтініш

Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңыныңережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) _______________________________________________________________

2) _______________________________________________________________

3) _______________________________________________________________

4) _______________________________________________________________

5) _______________________________________________________________

6) _______________________________________________________________

7) _______________________________________________________________

20___ ж. "____" ___________ Өтініш берушінің қолы _______________

 

2-қосымша

Нысан
Кімге __________________________

(республикалық деңгейдегі
мемлекеттік органның және
(немесе) жергілікті өкілетті
органның атауы)
___________________________
тұратын (елді мекен, көше, үй,
пәтер) кімнен
____________________________
____________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке
куәлік № ____, берілді (қашан,
кім))

Өтініш

Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде өз кандидатурамды ұсынамын.

Мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) _______________________________________________________________

2) _______________________________________________________________

3) _______________________________________________________________

4) _______________________________________________________________

5) _______________________________________________________________

6) _______________________________________________________________

7) _______________________________________________________________

20___ ж. "____" __________ өтініш берушінің қолы _______________

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?