ҚазақшаРусский

Қазақстан Респубикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 9-бабына сәйкес, Сайрам ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Сайрам ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде мемлекеттік органдардың өкілдері және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар арасында конкурс өткізетіндігі жайлы хабарлайды.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Сайрам ауданы шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының шешімімен Қоғамдық кеңес құрамы жалпы саны 17 (он жеті) мүше болып айқындалған.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 10-бабына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар конкурсқа қатысу үшін Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылуы қажет.

Құжаттаржазбаша түрде мына мекен-жай бойынша жолданады: 160800Сайрам ауданы,Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі, №95, Сайрам аудандық мәслихаты электрондық пошта Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .

Ұсыныстарды қабылдау 2019 жылдың 15 наурызына дейін дүйсенбі  мен жұма аралығында сағат 09.00-ден бастап, 19.00-ға дейін жүргізіледі, үзіліс 13.00-ден 15.00 сағатқа дейін.

Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей аудандық мәслихаттан немесе 8 (72531) 22-388 телефоны бойынша аудандық мәслихат аппаратыныңұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі Әзімханова Гүлдана Әшірбекқызынан алуға болады.

Сайрам аудандық қоғамдық

кеңесті қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобы

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?