ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 қарашадағы №43/459-VI «Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/347-VI «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5181 тіркелген шешіміне сәйкес Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы  №35-227/VІ «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4850 тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда «Мәртөбе» газетінде және 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға  сәйкес, соның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 39 061 896 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 2 984 475 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 36 164 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін түсімдер – 98 260 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 35 942 997 мың теңге;

2) шығындар – 39 228 306 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 490 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 7 575 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 7 085 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 166 900 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  166 900 мың теңге:

қарыздар түсімі – 7 575 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 7 085 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 166 410 мың теңге.».

2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. 2019 жылы жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері белгіленсін:

аудандық бюджетке төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан 45 пайыз;

аудандық бюджетке төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы 50 пайыз;

аудандық бюджетке әлеуметтік салықтан 49,4 пайыз.».

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Сайрам аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                                     Қ. Балатаев

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                                                    Ж. Мұсаханұлы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 22.11.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5253 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - Гл. спец Нурлан Салимжанович Кембаев, 21.11.2019 17:17:08, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима Туркестанской области - Секр. маслихата Жансерік Мұсаханұлы, 21.11.2019 17:17:51, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ "Аппарат Сайрамского районного маслихата" - Председатель сессии Кайрат Джапбарович Балатаев, 21.11.2019 17:18:23, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Туркестанской области - руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 22.11.2019 16:10:24, положительный результат проверки ЭЦП

 

Құжатты жүктеу

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?