ҚазақшаРусский

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты 12 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына жаңадан  мүшелер енгізілетіндігі туралы хабарлайды.

 

 

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау учаскесіндегі сайлаушы санына байланысты аудандық аумақтық сайлау комисиясының белгілеуіне сәйкес құрылады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдері бес жыл.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын  кандидатура ұсынуға құқылы.

Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар  өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес  сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері  2019 жылдың 29 қарашасынан бастап  14 желтоқсанға дейін Сайрам аудандық мәслихатына мынадай  құжаттарды тапсырады:

1)  электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2)   тиісті  сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің,  олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі;

3)  саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжатының көшірмесі;

4)  кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Өтініштің нысаны Сайрам аудандық мәслихатының ресми сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидат сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымы қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының   23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Бір сайлау комиссиясының құрамына  жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар),   ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық  құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон  нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Барлық сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстар       2019 жылдың 14 желтоқсанына дейін дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін.

Сайрам аудандық мәслихаты

Мұсаханұлы Жансерік  - Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі,  №95 үй.

Жауапты: Азимханова Гульдана Аширбековна – Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі, қалааралық телефон коды (872531), қызметтік тел:22-388, факс:21-874,        ұялы тел: 8-701-298-50-55, электрондық почта Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .

 

Cайрам аудандық мәслихаты  төмендегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.

 

р/с

Комиссия атауы

Сайлау комиссиясының мекен жайы

Комиссия мүшелерінің саны

533

Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі, №56 үй, Оқу-өндірістік комбинатының  ғимараты.

1

537

Ақсу ауылы, Сұраншы батыр көшесі нөмірсіз, Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубының ғимараты.

5

541

Ақсу ауылы, Рудаки көшесі, №40г үй, №93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің  ғимараты.

2

542

Бәйтерек ауылы, Құрбанов көшесі нөмерсіз, Сүйерхан Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектебінің  ғимараты.

2

546

Қожақорған ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі нөмірсіз, №12 Т.Рүстемов атындағы мектеп-гимназияның ғимараты.

1

548

Қожақорған ауылы, Қарасу көшесі, №31 үй, №89 «Қайнарбұлақ»  жалпы орта мектебінің ғимараты.

3

551

Машат ауылы, Школьная көшесі, №3а үй, №80 «Машат» жалпы орта мектебінің ғимараты.

2

557

Таскешу ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, №70 үй, №50 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.

3

564

Ынтымақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі нөмірсіз, №24 М.Махажанов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.

1

10.

580

Қарабұлақ ауылы, Беруний көшесі, №2 үй,  №3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.

2

11.

601

Манкент ауылы, О.Құрбаналиев көшесі, №2/3 үй, Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.

1

12.

606

Манкент ауылы, Паршаап көшесі,№35 үй, №11 «Манкент» жалпы орта мектебінің ғимараты.

1

 

 

Ескертпе: Сайлау комиссияларының құрамдарында өкілдері бар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер комиссиялар құрамдарына басқа өкілдер ұсына алмайды.

Ұсынымдар 6 қосымша

 

нысан

 

______________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

 

______________________________________________________

(мәслихат хатшысы)

 

_____________________________________________________

(облыс,қала,

 

____________________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

 

_____________________________________________________тұратын

(қызмет, пәтер, ұялы телефондарының нөмірі)

 

______________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

 

Өтініш

Мен,____________________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

Қазақстан       Республикасының      азаматы          (ша)   ________________________________________________________________________________ұсынған

(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

 

_________________________________________________ жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.

(сайлау комиссиясының атауы)

 

Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ________________________________________

( ия, ___ жыл/ жоқ)

Өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Парламенттің, мәслихаттың депутаты, басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі, Қазақстан Республикасы соттарының судьясы болып табылмаймын.

Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес өтелмеген немесе алынбаған соттылығымның болмауы, сот шешімімен әрекетсіз деп танылған, әрекетім шектелгендігі туралы уәкілетті органдарға сұраулар жіберу үшін өзімнің ЖСН пайдалануға өз келісімімді беремін.

«____»____________201__ жыл                                        _________________________

(өтініш иесінің қолы)

Биографиялық мәліметері:

Туылған жылы  «____» _______________ 19 _____ жыл

Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН)_________________________________________

Ұлты * _______________________________

Партияға мүшелігі * _____________________________________________________________________

Білімі   _________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе қызмет түрі ____________________________________________________

Атқарып отырған лауазымы  __________________________________________________________

Жеке куәлік мәліметтері  __________________________________________________

(куәлік номері, қашан және кіммен берілген)

Комиссия құрамын жасақтайтын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақта тұрғылықты тұратын                      18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін **.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес ұлты және партияға қатысы туралы мәлімет үміткердің қалауы бойынша көрсетіледі.

** Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-анасы, балалары, бала (қыз) асырап алушы, асырап алынған балалары (қыздары),  ата-анасы бір және бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ағалы-қарындастар, атасы, әжесі, немерелері) немесе зайыбы (жұбайы) кіре алмайды.

 

 

Өтінішке қосымша

 

 

Жақын туыстары туралы мәліметтер  __________________________________________________________________

(Өтініш иесінің Т.А.Ә.)

 

п/п

Жақын туыстардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ескертпе

 

әкесі

 

анасы

 

баласы

 

қызы

 

ағасы (інісі)

 

әпкесі (сіңілісі)

 

атасы

 

апасы

 

немересі

 

жұбайы

 

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?