ҚазақшаРусский

Жоба

«Сайрам ауданы бойынша

аз қамтамасыз етілген отбасыларға

(азаматтарға) тұрғын үй көмегін

көрсетудің мөлшері мен тәртібін

бекіту туралы» Сайрам аудандық

мәслихатының 2012 жылғы

29 маусымдағы № 6-47/V шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi  үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Сайрам ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 6-47/V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-10-192 нөмірмен тіркелген, «Мәртөбе» газетінің 2012 жылғы 10-17 тамыздағы 31-32 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Сайрам ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.»;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердi пайдалануға, тұрғын үйдi жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығының саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштін құнын төлеуге, телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу отбасының (адамның) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгіленеді.»;

3 тармақ мына мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

«Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға  арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштін орнына орнатылатын  тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығының саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштін құның төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджетқаражаты есебінен көрсетіледі.»;

9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде),жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығының саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштін құнын төлеуге,тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»

10 тармағына мына мазмұндағы 9) тармақшасымен толықтырылсын:

«жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр  энергиясының шығының саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштін құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданатын түбіртек-шот»;

2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сайрам аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы

Сайрам аудандық мәслихатының

хатшысы

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?