ҚазақшаРусский

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты 28 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына жаңадан  мүшелер енгізілетіндігі туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау учаскесіндегі сайлаушы санына байланысты, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының белгілеуіне сәйкес құрылады.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын  кандидатура ұсынуға құқылы.

Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар  өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес  сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері  2020 жылдың 23 қазанынан бастап 7 қарашаға дейін Сайрам аудандық мәслихатына мынадай  құжаттарды тапсырады:

1)  электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2)   тиісті  сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің,  олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі;

3)  саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжатының көшірмесі;

4)  кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Өтініштің нысаны Сайрам аудандық мәслихатының ресми сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидат сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымы қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының   23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Бір сайлау комиссиясының құрамына  жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар),   ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық  құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон  нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Барлық сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстар 2020 жылдың 7 қарашасына дейін дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін.

Сайрам аудандық мәслихаты

Мұсаханұлы Жансерік  - Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі,  №95 үй.

Жауапты: Азимханова Гульдана Аширбековна – Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі, қалааралық телефон коды (872531), қызметтік тел:22-388, факс:21-874,  ұялы тел: 8-701-298-50-55, электрондық   Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .

 

Cайрам аудандық мәслихаты төмендегі учаскелік сайлау  комиссияларының мүшелерін сайлайды.

р/с

учаскелік сай-лау комиссия-сының нөмірі

сайлау комиссиясының мекен жайы

комиссия мүшеле-рінің саны

1

526

Ақбұлақ ауылы, Ә.Құрмантаев көшесі, №86а үй, №18 Ә.Құрмантаев  атындағы                   жалпы орта мектебінің ескі ғимараты

1

2

527

Ақбұлак ауылы Құрмантаев көшесі №86а үй, №18 Ә. Құрмантаев атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимараты

2

3

530

Ақсу ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №50 үй, М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты

1

4

531

Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі, №71 үй, Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің  ғимараты

2

5

532

Ақсу ауылы, Байтұрсынов көшесі, №29 үй, №5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің  ғимараты

4

6

534

Ақсу ауылы, Иманалиев көшесі, №16а үй,  №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінің  ғимараты

1

7

535

Ақсу ауылы, 204 орам, Жаңақұрылыс көшесі, 184а үй, «Шаттық» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

1

8

536

Ақсу ауылы, Сұраншы батыр көшесі нөмірсіз, №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы орта мектебінің  ғимараты

1

9

537

Ақсу ауылы, Сұраншы батыр көшесі нөмірсіз, Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубының ғимараты

2

10

538

Ақсу ауылы, Сұраншы батыр көшесі, №94 жалпы орта мектебінің  ғимараты

2

11

542

Бәйтерек ауылы, Құрбанов көшесі нөмерсіз, Сүйерхан Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектебінің  ғимараты

1

12

548

Қожақорған ауылы, Қарасу көшесі, №31 үй, №89 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебінің ғимараты

3

13

553

Шіркін ауылы, Т.Әлжанов көшесі №22 үй, №52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты

1

14

554

Ошақты ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №19а үй, Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты

1

15

555

Қасымбек датқа ауылы, С.Сарманов көшесі, №14 үй, №29 Керім Тленшин атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты

2

16

557

Таскешу ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, №70 үй, №50 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты

1

17

561

Қарасу ауылы, Жібек-жолы көшесі №102, №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің  ғимараты

2

18

562

Қарасу ауылы, Жанақұрылыс көшесі, №1а үй, №74 жалпы орта мектебінің ғимараты

1

19

566

Әйтеке би ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі нөмірсіз, №68 Сырым Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты

1

20

572

Қарабұлақ ауылы, Т.Садуллаев көшесі, №4/1 үй,  №104 негізгі орта мектебінің  ғимараты

1

21

581

Қарабұлақ ауылы, Элтай баба көшесі, №104 үй,  «Қарабұлақ»  Сайрам аудандық ауруханасының  ғимараты

3

22

583

Қарамұрт ауылы, А.Моминжанов көшесі, №7 үй, №6 С.Киров атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты

3

23

587

Құтарыс ауылы, Төлеби көшесі, №1 үй, №30 Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты

1

24

600

Манкент ауылы, Паршаап көшесі, №1а үй, Манкент ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

2

25

602

Манкент ауылы, А.Қарабаев көшесі, №25 үй, №45 «1-Май» жалпы орта мектебінің ғимараты

1

26

603

Манкент ауылы, А.Қарабаев көшесі, №25 үй, №45 «1-Май» жалпы орта мектебінің ғимараты

1

27

605

Манкент ауылы, Ә.Әбдіқадиров көшесі, №47 үй, «Жон-арық» бастауыш мектебінің ғимараты

1

28

606

Манкент ауылы, Паршаап көшесі,№35 үй, №11 «Манкент» жалпы орта мектебінің ғимараты

1

 

 

 

Ескертпе: учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында өкілдері бар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер комиссиялар құрамдарына басқа өкілдер ұсына алмайды.

 

 

Сайрам аудандық мәслихаты

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?