ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және   өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының    5-тармағына,  Қазақстан Республикасының 2007  жылғы 27 шілдедегі  «Білім туралы» Заңының 53-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына  сәйкес  Сайрам аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТI:

1. Сайрам ауданы бойынша ауылдық  елді мекендерде  тұратын  және жұмыс істейтін мемлекеттік  денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы әлеуметтік көмек 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттының бюджетін қалыптастыру жөніндегі тұрақты  комиссиясына жүктелсін.

3.Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?