ҚазақшаРусский

Жоба

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы    №13-76/V «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2178 нөмірімен тіркелген, 2012 жылы 29 желтоқсанда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1. Сайрам ауданының 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 20 405 375 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 3 463 407 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 11 388 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 144 759 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi – 16 785 821  мың теңге;

2) шығындар – 20 673 014 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 7 941 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 10 386 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 445 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -275 580 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  - 275 580 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 10 386 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 100 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 266 294 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1,2,3,4 қосымшалары осы шешімнің 1,2,3,4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың  1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   М.Сиддиков

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                               К. Орашов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?