ҚазақшаРусский

Әділеттің департаментінде 22,05,2013 тіркелген соң № 2287

 

Сайрам ауданының ауылдық елді

мекендерде  тұратын  және  жұмыс

істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,

әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,

мәдениет, спорт және ветеринария

ұйымдарының мамандарына отын

сатып алуға әлеуметтік  көмек  беру

туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының  2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының  5-тармағына  сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТI:

1. Сайрам ауданының ауылдық  елді мекендерде  тұратын  және жұмыс істейтін мемлекеттік  денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Сессия  төрағасы                                                           М.Сиддиков

Аудандық мәслихаттың хатшысы                                 К.Орашов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?