ҚазақшаРусский

22,05,2013 соң № 2288 Юко депаратменте әділетінде бекі- және тіркелген

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1. Сайрам ауданы Көлкент ауыл округіне қарасты Көлкент ауылының әкімшілік шекарасына ауданның арнайы жер қорынан  жалпы көлемі 10,0 гектар жер қосылып, Көлкент ауылының шегі өзгертілсін.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сайрам ауданы әкімінің

міндетін уақытша атқарушы                                           С.Сапарбаев

Сессия

төрағасы                                                                                       М.Сиддиков

Сайрам аудандық мәслихатының

хатшысы                                                                                       К.Орашов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?