ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №9/71-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» №13/115-V шешіміне  сәйкес Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сайрам аудандық маслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №13-76/V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2178 нөмірімен тіркелген, 2012 жылға 29 желтоқсанда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1. Сайрам ауданының 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 19 933 444 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 3 494 829 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 11 388 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 144 759 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi – 16 282 468  мың теңге;

2) шығындар – 20 226 884 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 7 941 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 10 386 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 445 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -301 381 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  - 301 381 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 10 386;

қарыздарды өтеу – 1 100 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын бос қалдықтары – 292 095 мың теңге.»;

Аталған шешімнің 1,2,3 қосымшалары осы шешімнің 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджет және бюджетті қалыптастыру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   М.Сиддиков

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                               К. Орашов


 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?