ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының              6-бабының 2-3-тармағына  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Сайрам ауданы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Сайрам аудандық  мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса берілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.

2 Осы шешімінің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Серікбаевқа жүктелсін.

3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                           Б.Зиятаев

Аудандық

мәслихатының хатшысы                                                       К.Орашов

Сайрам аудандық мәслихатының

2013 жылғы 15 шілдедегі

№____ шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің,  оның  мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары  (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы   23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген санаттағы азаматтар жатады.

3. Әлеуметтік көмек Сайрам ауданының  аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

4. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал ететін оқиғалар;

2) арнайы комиссия -өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтіу көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімнің шешімімен құрылатын комиссия;

3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

4) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы –   отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне келетін үлесi;                   6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.

7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын  ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы  жергілікті  атқарушы  органы (ЖАО);

9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға  өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайға тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

5. Осы қағиданың  мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде (ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

6. Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы ережелерді жергілікті  атқарушы орган бекітеді.

Арнайы  және  учаскелік  комиссиялар  туралы  үлгілік  ережелерді  орталық  атқарушы  орган  бекітеді.

 

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының  тізбесін

айқындау  және  әлеуметтік  көмектің  мөлшерлерін  белгілеу

тәртібі

7. Алушылар санатының   тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілді.

8. бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу  үшін мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар ауруларға болуы;

3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы  негіздеме болып табылады;

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамнеың (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

9. Арнайы коммисиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы  қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша біріңғай мөлшерде белгіленеді.

11. Әрбір жекелеген  жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

 

 

12. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға:

1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы  мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша  соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;

5) табиғи зілзаланың  немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар ауруларға;

6) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға;

7) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға;

8) үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттар адамдарға,;

9) балаларға, оның ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне;

10) күнкөрісі төмен азаматтарға;

11) әлеуметтік жағынан елеулі аурулары, онкологиялық ауруы бар, АИТВ жұқтырған және туберкулездің түрлі нысандарымен ауыратын азаматтарға көрсетіледі.

 

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.

13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан аудан әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3) осы қағида 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелеріның) табыстары туралы мәліметтерді;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін тұпнұскаларда және көшірмелерде ұсынылады; содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге  қайтарылады.

16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган ауылдық округ  әкіміне үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтіжелері бойынша осы қағидаға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды ауылдық округ әкіміне жібереді.

Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылайды.

20. Уәкілетті орган ауылдық әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақсатн Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету  қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушінің жазбаша хабардар етеді;

24. Берілгеннен негіздемелердің   біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.

25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына  шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгіленген шектен  артқан жағдайларда    жүзеге  асырылады.

26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

27. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсету мынадай түрде:

1) табысын ескермей:

- атаулы күндер мен мерекелік күндерге;

- азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте жол жүруін төлеу үшін;

- Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге;

- апаттық жағдайлар туындағанда;

2) орташа есеппен жан басына шаққандағы табысын ескере отырып өмірлік қиын жағдай туындағанда жүзеге асырылады.

28. 9. 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік көмектің мөлшерін жекелеген санаттағы азаматтарға үлгілік қағида біркелкі мөлшерде жергілікті атқарушы органдардың белгіленеді,

29. Әлеуметтік көмек бір рет және кезеңімен (біл жылда) беріледі.

1) мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлеріне, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және мұқтаж жауынгер –Ауғандықтарға, Чернобыль АЭС-ның апатын жоюға қатысушыларына біржолғы 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттардың ішінен 80 жастан асқан адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) Жеңіс күніне орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы 29 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,  қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне біржолғы 9,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) Қарттар күніне орай -  үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттарға,   мүгедектерге және мүгедек балаларға біржолғы 1,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5)  Жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге;

Серуендеуге арналған қоларбаға 50,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бөлмеге арналған қоларбаға 20,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

6) зейнеткерлер мен мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына  жолдама үшін, біржолғы 34,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7)    мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға,  адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына табыстарын есепке алмай және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға, біржолғы 6,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

8) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, табыстарын есепке алмай, өтемақы алу үшін, ай сайын 22 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

9) Кеңес Одағының Ауғаныстан Республикасынан шығаруына байланысты, Ауған соғысының ардагерлеріне және қайтыс болған Ауған соғыс ардагерлерінің ата – аналарына біржолғы 3,0 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде;
10)   Чернобль электр станциясында жарақат болуына байланысты, ЧАЭС апатын жоюға қатысушыларына біржолғы 3,0 айлы есептік көрсеткіш мөлшерінде.

 

 

4.  Көрсетілген әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

 

30.  Әлеуметтік көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиісті әкімшілік - аумақтық  бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтаьылады.

31. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

 

5. Қорытынды ереже

 

32. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен  есепке алуды уәкілетті орган  Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің  дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметті көмек көрсетудің,

оның мөлшелерін белгілеудің және

мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындайдың

қағидаға

1-қосымша

 

 

 

Отбасыны тіркеу нөмірі _________________

 

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

_____________________                                              ____________________

(өтініг берушінің Т.А.Ә.)                                            (үйінің мекен жайы, тел.)

 

р/с

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш берушінің қолы_________________       күні__________________

Отбасының құрамы туралы

Мәліметтерді куәландыруға уәкілетті

Органның лауазымды адамының  Т.А.Ә.    _________________________

(қолы)

 

______________________________

 

 

 

 

 

Әлеуметті көмек көрсетудің,

оның мөлшелерін белгілеудің және

мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындайдың

қағидаға

2-қосымша

 

 

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының)

мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру

АКТІСІ

 

20___ж.  «___»________

______________________

(елді мекен)

 

  1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ________________________________________
  2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________

________________________________________________________________

  1. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай

 

________________________________________________________________

  1. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)  ___________

адам, оның  ішінде:

р/с

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбекке жарамды барлығы ________ адам.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендерді _____

адам.

Балалардың саны:_________

Жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ___адам, оқу құны жылына _______ теңге.

Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектернің, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы, вирусы ) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)

________________________________________________________________

________________________________________________________________

  1. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):

_________________________________________________________________

 

Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Отбасының табысы:

 

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә

Табыс түрі

өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске,  малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

Тоқсанға

Орта есеппен айына

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мыналардың:

Автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

_________________________________________________________________

___________________________қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі)

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

8.Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі)

________________________________________________________________

________________________________________________________________

_______________________________________________________________

________________________________________________________________

9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілу___________________________________________________

10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық  жағдайы ________________________________________________________________

 

Комиссия төрағасы:

___________________________          _________________________

 

Комиссия мсүшелері:

___________________________          _________________________

___________________________          _________________________

___________________________          _________________________

___________________________          _________________________

(қолдары)                                                              (Т.А.Ә.)

 

Жасалған актімен таныстым: _____________________________________

өтініш берушінің  Т.А.Ә. және қолы

 

Тексеру жүргізілуден бас тартамын  _________________________өтініш

Берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні ____

________________________________________________________________

(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

____________________________

 

 

 

 

Әлеуметті көмек көрсетудің,

оның мөлшелерін белгілеудің және

мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындайдың

қағидаға

3-қосымша

 

Учаскелік комиссияның №___ қорытындысы

 

20_____ж. ___   ______

 

Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының  тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның  (отбасының)

__________________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

__________________________________________________________________

(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

 

Комиссия төрағасы: ____________________   _______________________

Комиссия мүшелері:____________________   _______________________

____________________   _______________________

____________________   _______________________

____________________   _______________________

(қолдары)                                     (Т.А.Ә.)

 

Қорытынды

Қоса берілген құжаттармен _____  данада

20____ж. «____»  _____ қабылданды

Құжаттарды қабылдаған ауыл округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _________________________

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?