ҚазақшаРусский

Сайрам аудандық мәслихатының 15.07.2013 жылғы № 20-125/V "Сайрам аудандық мәслихатының 21.12.2012 жылғы № 13-76/V "2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (ОҚО әділет департаментінде 23.07.2013 жылы № 2330 тіркелген)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 4 шілдедегі №15/141-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №9/71-V «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2323 тіркелген шешіміне  сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Сайрам аудандық маслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы     №13-76/V «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2178 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 20 291 806 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 3 516 505 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 11 517 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 259 662 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 16 504 122 мың теңге;

2) шығындар – 20 585 246 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 7 941 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 10 386 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 445 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -301 381 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -        301 381 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 10 386 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 100 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 292 095 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджет және бюджетті қалыптастыру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   Б.Зиятаев

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                               К. Орашов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?