ҚазақшаРусский

ЖОБА

Сайрам аудандық маслихатының

2012 жылғы 21 желтоқсандағы

№13-76/V  «2013-2015 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының   1 тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы №19/166-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №9/71-V «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2388 тіркелген шешіміне  сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық маслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы     №13-76/V «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2178 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 21 150 154 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 3 519 621 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 10 469 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 363 061 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 17 257 003 мың теңге;

2) шығындар – 21 443 544 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 7 991 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 10 386 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 395 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -301 381 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -        301 381 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 10 386 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 100 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 292 095 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                       И.Курбанов

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                               С.Сағындықов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?