ҚазақшаРусский

ЖОБА

2013-2015 жылдарға

арналған аудандық

бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес,  Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға  сәйкес, соның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 10 839 926 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 272 654 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 12 442 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 10 000 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi – 8 544 830  мың теңге;

2) шығындар – 10 839 926 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0 теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  - 0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын бос қалдықтары – 0 теңге.

2. 2014 жылы облыстық бюджетке аудандық бюджеттен жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленсін.

3. 2014 жылы облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 8 544 830 мың теңге болып белгіленсін.

4. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2014 жылға арналған резерві 68 800 мың теңге сомасында бекітілсін.

5. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде 2014 жылға арналған аудандық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

6. 2014 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi        5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

7. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджетте ауыл округтерінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

8. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына сәйкес, 2013 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне, бюджет қаражаты есебінен қызметтің, осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

9. Шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджет және бюджетті қалыптастыру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

10. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                       И.Курбанов

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                               С.Сағындықов

Скачать приложение

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?