ҚазақшаРусский

ЖОБА

Сайрам аудандық маслихатының

2013 жылғы 20 желтоқсандағы

№26-157/V  «2014-2016 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 14 ақпандағы №24/194-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне  сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық маслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы     №26-157/V «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2480 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 9 қантарда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 16 527 046 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 198 602 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 12 442 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 84 052 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 14 231 950 мың теңге;

2) шығындар – 16 588 034 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 22 100 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 25 002 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 902 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -83 088 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -  83 088 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 25 002 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 807 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 59 893 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджет және бюджетті қалыптастыру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                       И.Курбанов

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                               С.Сағындықов

Скачать Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №26-157/V шешіміне 1-қосымша

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?