ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы» Заңының 6-бабына сәйкес  және Қазақстан Республикасында  қаржы  нарығының тұрақсыздануына  байланысты   аз  қамтылған  отбасыларды   әлеуметтік  тұрғыда  қолдау  мақсатында  2014 жылы  қосымша  материалдық  көмек  көрсету  үшін, Сайрам  аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам  аудандық  мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі    № 22-141/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың  қағидасын  бекіту  туралы»  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде   2384 нөмірімен тіркелген,  2013  жылғы  1  қарашадағы  «Мәртөбе»  газетінде  жарияланған)  шешіміне  мынадай  толықтыру  енгізілсін:

көрсетілген  шешіммен  бекітілген   «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың  қағидасының» 9 тармағы  мынадай  мазмұндағы 4)  тармақшамен  толықтырылсын:

«4) Халықтың аз  қамтамасыз  етілген бөлігін  қолдау  мақсатында, ұлттық  валюта  курсының  төмендеуі  орын  алған айдан бастап  үш  ай  мерзімде  отбасына 1 айлық есептік көрсеткіш  көлемінде  әлеуметтік  көмек  көрсету.  Әлеуметтік  көмек  өтініш  берген  айдан  бастап  үш  айға  тағайындалады  және  ай  сайын  төленеді.»

2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                    Ж.Сүлейменов

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                        С.Сағындықов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?