ҚазақшаРусский

ЖОБА

Сайрам аудандық мәслихатының

2013 жылғы 20 желтоқсандағы

№26-157/V  «2014-2016 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының   1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі №26/209-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне  сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы     №26-157/V «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2480 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 16 977 937 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 198 602 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 12 442 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 84 052 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 14 682 841 мың теңге;

2) шығындар – 17 038 925 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 22 100 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 25 002 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 902 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -83 088 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -  83 088 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 25 002 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 807 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 59 893 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                       Ж.Сүлейменов

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                               С.Сағындықов

 

Қосымшалар  2014-2016 ж

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?