ҚазақшаРусский

ЖОБА

Сайрам аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№________

 

Сайрам ауданы                                               «____» ____________2014 жылы

 

 

Барлық білім беру ұйымдарының

күндізгі оқу нысаны бойынша білім

алушылары мен тәрбиеленушілерінің

қоғамдық көлікте (таксиден басқа)

жеңілдікпен жол жүрулері туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сайрам ауданы бюджет есебінен қаржыландыратын, Сайрам ауданының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:

1) 1-11 сыныптары – ақысыз жол жүру.

2. Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Сайрам ауданының  аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы шешім Сайрам ауданының   әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкiмiнің орынбасары  Ғ.Аязовқа жүктелсiн.

4.  Осы шешім  әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                 И.Курбанов

Аудандық мәслихат хатшысы                                         С.Сагындыков

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?