ҚазақшаРусский

Жоба

Сайрам аудандық мәслихатының

2013 жылғы 20 желтоқсандағы

№26-157/V  «2014-2016 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының   1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі №29/226-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне  сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы     №26-157/V «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2480 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 17 086 138 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 291 931 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 18 222 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 135 552 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 14 640 433 мың теңге;

2) шығындар – 17 147 126 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 2 654 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 5 556 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 902 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -63 642 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 63 642

мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 5 556 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 807 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 59 893 мың теңге».

Аталған шешімнің 1,2 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджет және бюджетті қалыптастыру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                            З.Баратова

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                               С.Сағындықов

Cкачать қосымша

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?