ҚазақшаРусский

Сайрам аудандық  мәслихатының

2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 22-141/V

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 22-141/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2284 тіркелген, 2013 жылғы 1 қарашадағы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

7 тармағы мынадай тармақшалармен толықтырулар енгізілсін:

«3) 1-2 қаңтар Жаңа Жыл мерекесіне - 6 жастан 14 жасқа дейінгі аралығындағы мүгедек балаларға, біржолғы  3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

«4) 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай - «Алтын алқамен», марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған азаматтарға  біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

«5) 21-23 Наурызда (Наурыз мейрамы) - Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

«6) 15 ақпанда (Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні)- жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

«7) 26 сәуірде 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

«8) 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай - мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

7 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған ардагерлердің жесірлеріне, пәк аналарға біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына  1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және әуе жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі №2247 Заңның 5,6,7 және 8-баптарында көрсетiлген адамдардың отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасыларына біржолғы  5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

«8) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне өмір сапасын жақсартуға біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

«9) 29 тамызда (Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне)-Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7 тармағының 2) тармақшасы жаңа  редакцияда жазылсын:

«1 қазан «Қарттар күні» мерекесіне – жалғызілікті тұратын зейнеткерлерге, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

12 қазанда «Мүгедектер күні» мерекесіне – мұқтаж мүгедек балаларға, мүгедектерге,  біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

«Отбасы күні» мерекесіне – Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға Ұлттық телехабар тарату қызметіне қосылуын қамтамасыз ету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

әлеуметтiк такси қызметiн ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүрiп тұруы қиын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелерiне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшiн, ай сайын 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Мүмкіндігі шектеулі бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге,  16 жасқа дейінгі мүгедек балалар арасында конкурстар ұйымдастыру үшін 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

9 тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«Жеке оңалту бағдарламасы бойынша  мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:

серуендеуге арналған қоларбаға 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бөлмеге арналған қоларбаға 47,6 -46,4  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

мүгедек балаларға 38-50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

9 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға,  өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға бiржолғы 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.

Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Сессия

төрағасы З.Баратова

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                             С.Сағындықов

 

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?