ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының   1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы №33/254-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2896 тіркелген шешіміне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы  №26-157/V «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2480 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 17 485 590 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 338 913 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 18 843 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 130 552 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 14 997 282 мың теңге;

2) шығындар – 17 546 578 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 2 654 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 5 556 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 902 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -63 642 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -  63 642 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 5 556 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 807 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 59 893 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1,2 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа  енгізілсін.

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   З.Баратова

Аудандық мәслихат

хатшысының міндетін

уақытша атқарушы                                        Ж.Сүлейменов

Скачать приложение

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?