ҚазақшаРусский

ЖОБА

Сайрам аудандық мәслихатының

2014 жылғы 23 желтоқсандағы

№40-253/V  «2015-2017 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қаңтардағы №35/284-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/258-V «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2969 тіркелген шешіміне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы  №40-253/V «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2939 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 17 690 233 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 344 248 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 19 497 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 20 000 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 15 306 488 мың теңге;

2) шығындар – 17 691 217 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 26 565 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 29 730 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 165 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -27 549 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  - 27 549 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 29 730 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 2 181 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.».

Көрсетілген шешімнің 1,2 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа  енгізілсін.

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   А.Бурбеков

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                           Ж.Сүлейменов

 

Скачать приложение

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?