ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының   1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/291-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/258-V «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3084 тіркелген шешіміне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы  №40-253/V «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2939 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 

 

«1. Сайрам ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 16 852 539 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 324 301 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 20 095 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 39 349 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 14 468 794  мың теңге;

2) шығындар – 17 033 129 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 26 565 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 29 730 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 165 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы– -207 155 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру – 207 155 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 29 730 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 2 181 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 179 606 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1,2,3,4,6 қосымшалары осы шешімнің 1,2,3,4,6 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоланысқа енгізілсін.

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   А.Бурбеков

 

Аудандық мәслихат

 

Қосымша

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?