ҚазақшаРусский

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №22-141/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2384 тіркелген, 2013 жылғы 1 қарашада «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

9 тармағының 5) тармақшасы  келесі редакцияда жазылсын:

«5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға бiржолғы 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

адам иммун тапшылығы вирусын  жұқтыру немесе жүйкесінің иммун тапшылығы синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндетін тиісінше орындамау салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянға, және адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына,  ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

Сессия төрағасы А.Бурбеков

Аудандық мәслихаттың

хатшысы Ж.Сүлейменов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?