ҚазақшаРусский

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес және Сайрам ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сайрам ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны болып Ақсу ауылының Орталық саябағы белгіленсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы А.Бурбеков

Аудандық мәслихаттың

хатшысы Ж.Сүлейменов

 
Как вы оцениваете деятельность маслихата?