І.

Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Сайрам аудандық мәслихатының аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар атқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
«Сайрам аудандық мәслихатының аппараты» Мемлекеттік мекемесі. 160800. Ақсукент ауылы, Жібек жолы даңғылы, №95. Тел./факс: 8(725-31) 21874. sayram-maslihat.gurk.kz

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:
басталды 01.07.2016 ж. аяқталды 30.09.2016 ж.

4. Бақыланатын кезең: 2016 ж. ІІI тоқсандығы қызмет.

ІІ.

Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы қарашаның 23-індегі заңы аудандық мәслихат қызметкрлері арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарымен қатар құқықтық сабақтар өткізілді. «Сайрам аудандық мәслихаты аппараты» мемлеткеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жариялануда.  Аудандық «Мәртөбе,» «Пульс Сайрам», «Сайрам садоси» газеттерінің 2016 жылдың 15 шілдедегі санында жарияланды. Сыбайлас жемқорлық және оған қарсы күрес мәселелері бойынша өткізілген барлық ic-шаралар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттык түсіндіру жұмыстары аудандық «ELNUR TV» телеарнасында және үш тілде шығатын «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газеттерінің беттерінде тұрақты түрде жариялануда. Жергілікті «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газеттерінде «Жемкорлық -індет», «Жемқорлық-жегі құрт», «Заң және біз» атты айдарлары ашылған. Аудандық атқарушы органдар қызметкерлерімен мақалалар жарияланған. Мысалы, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Серікбаевтың «Баршамыздың міндетіміз әрі борышымыз», Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері Л. Алтынбекованың «Жемқорлыққа жол жоқ», Сайрам аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ш.Тілеуованың «Жемқорлықпен күрес тоқтамайды», Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-заңгерінің «Келісім мен татулықтың кілті» атты мақалалары жарық көрді және де Шымкент гарнизонының әскери прокуроры А.Подушкиннің «Пара алып дауға қалды» мақаласы аппарат қызметкерлерімен талқылып, заңмен белгіленген тәртіпте кінәлі деп танылған тұлғаның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлары мен себептері бағаланып зерделенді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы басшысы М.Нәлібаевтың аудандық әкімдіктің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесуі өтті. Бірқатар сұрақтар қойылып, тиісті жауап алынды.

Қорытынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін мемлекеттік және жеке мекемелерде «дөңгелек үстелдер», жиналыстар өткізу және бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер жариялануы қажет.

Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ш.Тілеуова.