І.

Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Сайрам аудандық мәслихатының аппаратында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң  және Әдеп кодексі  талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заң мен кодекс талаптарының бұзбау және жемқорлықтың алдын алу, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Сайрам аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі. 160800. Ақсукент ауылы, Жібек жолы даңғылы, №95. Тел./факс: 8(725-31) 21874.  sayram-maslihat.gurk.kz.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды 01.10.2016 ж. аяқталды 31.12.2016 ж.

4. Бақыланатын кезең:   2016 жыл.   IV тоқсандағы қызмет.

ІІ.

Ақпараттық - талдамалық бөлім.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң  және Әдеп кодексі  талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заң мен кодекс талаптарының бұзылуына жол бермеу туралы аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарымен қатар 2 құқықтық сабақтар өткізілді. 2016 жылдың 2-ші желтоқсанында мәслихат аппаратында мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлықтары,  мемлекеттік қызметшілерге көрілген тәртіптік шаралар туралы, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі-парақорлық, жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен күрес туралы видео роликтер көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшылырының, мемлекеттік қызметкерлер және ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіретіні, заңдылық қағидаларын жоққа шығартып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайтыны түсіндірілді. «Жемқорлық ғасыр дерті» акциясы аясында, «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес және Сайрам ауданы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы туралы аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары өткізілді.

«Сайрам аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде баспасөзде жариялануда.  Аудандық «Мәртөбе» газетінің 2016 жылғы 14-ші қазандағы санында аудандық мәслихаттың сенім телефоны жарияланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Орымбетовтың аудан тұрғындарымен кездесуі туралы хабарланды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар жұмыс тобының жұмыстары туралы 7-ші қазанда жарияланды. Аудан әкімі аппаратының, ауылдық әкімдер аппаратының және де аудандағы атқарушы органдардың сенім телефондары 2016 жылдың 4-ші қарашасында аудандық «Мәртөбе» газетінде жарияланды.   Сыбайлас жемқорлық және оған қарсы күрес мәселелері бойынша өткізілген барлық ic-шаралар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттык түсіндіру жұмыстары аудандық «ELNUR TV» телеарнасында және үш тілде шығатын «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газеттерінің беттерінде тұрақты түрде жариялануда. Жергілікті «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газеттерінде «Қоғам дерті», «Жемкорлық-індет», «Жемқорлық-жегі құрт», «Заң және біз» атты айдарлары ашылған. Аудандық атқарушы органдар қызметкерлерімен мақалалар жарияланған. Мысалы, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық-тексеру департаменті» Сайрам аудандық бөлімшесінің басшысы О.Оразалиевтің 14-ші қазандағы «Заң талабы қатал» мақаласы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Серікбаевтың 21-ші қазандағы «Жемқорлықты болдырмау басты парыз» мақаласы,  Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратовтың «Баршамызға ортақ іс» және Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы У.Халмурадовтың «Халықтың сенімі – іске сеп» атты 4-ші қарашадағы мақалалары, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Смағұлованың 11-ші қарашадағы «Жемқорлық зардабы көп» және аудандық әділет басқармасы басшысының м.у.а З.Түймебаевтың «Әдепті сақтаған озады» атты мақалалары. аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі Г.Әзімханованың 14-ші желтоқсандағы «Қоғам үшін маңызды» атты мақаласы  және т.б.

ІІІ.

Қорытынды.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек. ҚР азаматтары өздерінің құқықтырын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.


Сайрам аудандық мәслихат

аппаратының басшысы Ш.Тілеуова