1.Жалпы ережелер

1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы;

1.2 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заңы;

1.3 «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңы;

1.4 «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Заңы;

 

 

1.5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

1.6. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

1.7.Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңы;

1.8. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы;

1.9. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;

1.10.  Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы;

1.11. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы;

1.12. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

1.13. Мемлекеттік қызметтен өтудің осы Заңмен реттелмеген өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының заң актілерімен, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережемен реттеледі.

1.14. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-бас есепшісі аудандық мәслихат хатшысынан және аппарат басшысынан тапсырмалар алады және бағынады.

1.15. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-бас есепшісі (№ 01-5) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде уақытша жұмыс орнында болмаған кезде (еңбекке жарамсыздықта, іс-сапарда болғанда, еңбек демалысына шығу кезінде) оның міндеттерін аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маманы (№ 01-4) атқарады.

1.16. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-бас есепшісі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымына тағайындалады және атқарып отырған лауазымынан босатылады.

 

2. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-бас есепшісінің құқықтары

2.1.Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтары мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2.Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды талап етуге;

2.3. Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

2.4.Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан  ұйымдарда болуға;

2.5.Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

2.6.Жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7.Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және осы Заңда белгіленген өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне

2.8.Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта қарауға) және біліктілігін  арттыруға;

2.9.Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

2.10.Өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;

2.11.Біліктілігі, қабілеті, сіңірген еңбегі және өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша  жоғарылауға;

2.12.Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына тәжірбиесіне және осы Заңда белгіленген өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына  және еңбегіне ақы төленуіне;

2.13.Қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

2.14.Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының  назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

2.15.Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының  сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайына;

2.16.Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

2.17.Мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.18.Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

2.19.Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

 

3. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-бас есепшісінің міндеттері

3.1 Аудандық мәслихаттың бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;

3.2 Мекеменің есеп жүйесін құрады және бухгалтерлік есепті ұйымдастырады, барлық іске асырылатын қаржы-шаруашылық операцияларды  бақылауға алып, олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін қамтамасыз  етеді (1С.Бухгалтерия бағдарламасында);

3.3 Есеп жүйесін құру және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөнінде  аппарат басшысының  қарауына ұсыныстар енгізеді (1С.Бухгалтерия бағдарламасында);

3.4 Мекемеге қажетті қаржыны бюджеттен бөлу үшін бюджеттік өтінімдерді жасайды, бөлінген қаражаттың бюджеттік бағдарламаларын бекітеді, өзгертулерді ескере отырып, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасайды, жоспарға сәйкес бөлінген қаражаттардың дұрыс, тиімді және мақсатты  жұмсалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталу барысына бақылауды іске асырады;

3.5 «Бухгалтерлік есеп  және  қаржылық есептілік туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарының және өзге де  нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

3.6 Бекітілген штат құрылымына сәйкес аудандық мәслихат аппараты  қызметшілерінің санаты, жұмыс  өтілі және жалақы кестесінің коэффиценті бойынша штат кестесінің дұрыс құрастырылуын бақылауды жүзеге асырады және төледер жүргізеді. (1С.Бухгалтерия бағдарламасында);

3.7 Банктік құжаттарға және тауар-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты қабылдауға және беруге негіз болып табылатын құжаттарға, сондай-ақ қаржылық міндеттемелерге  қол қояды;

3.8 Жауапты  материалдық тұлғалар бойынша негізгі қаражат пен тауар-материалдық құндылықтардың кіріс-шығысының, ауыстырылуының есепке алынуын  және олардың уақтылы дұрыс рәсімделуін қадағалайды (1С.Бухгалтерия және Мүліктер бойынша ЭССО бағдарламасында);

3.9 Материалдық құндылықтарды түгендеуден өткізуге қатысады, түгендеу нәтижесін уақтылы және дұрыс анықтайды және оларды бухгалтерлік есепте көрсетеді (ЭССО бағдарламасында);

3.10 Белгіленген тәртіпте негізгі құралдардың (активтердің) тозуын есептейді және қайта бағалауды жүргізеді (1С.Бухгалтерия);

3.11 Тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға сенімхат береді,  оларды  сенімхаттарды тіркеу кітабына тіркеп, ол бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылайды;

3.12 Аудандық мәслихат аппараты бойынша бюджет шығыстарының орындалуы және мемлекеттік сатып алу бойынша қаржы бөліміне өткізілетін ай сайынғы, тоқсан және жыл сайынғы есептерді жасауды ұйымдастырады (1С.Бухгалтерия бағдарламасында);

3.13 Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар бойынша ай сайынғы есептерді, материалдық құндылықтардың қозғалыс тізімдемесін жасайды, егер де материалдық жауапты  тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері (қосып жазу, артық шығу, жетіспеу және басқа да бұзушылықтар мен теріс пайдалану) анықталған жағдайда шара қолдану үшін бұл жайында аппарат басшысына баяндайды;

3.14 Төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік өтінімдер мен  қаржыландырудың жеке жоспарларының есебін жасауды ұйымдастырады;

3.15 Қаржыландыру жоспарларының өзгеруіне анықтамалар жасайды, қаржыландыру жоспарларына сәйкес ай сайын бөлінген қаржының уақтылы игерілуін қамтамасыз етеді (Қазынашылық-Клиент бағдарламасында);

3.16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес жұмыстарды орындау;

3.17 Бюджет бойынша № 1,2,5,6,7,8,9,13 мемориалдық ордерлер бойынша есептерді жинақтап жүргізеді және олардың дұрыс жасалуын қадағалайды (1С.Бухгалтерия бағдарламасында);

3.18 Нормативтерге сәйкес құжаттардың мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етеді;

3.19 Нормативтерге сәйкес келіп түскен хаттарға жауап беруді қамтамасыз етеді;

3.20 Басшылардың өзгеде тапсырмаларын орындайды.

 

4. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-бас есепшінің жауапкершілігі

4.1. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

4.2. Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік қызметшіге келесідей тәртіптік жазалар:

1) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

2) қызметінен төмендету;

3) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

Қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi тәртiптiк жаза лауазымын төмендету түрiнде тәртiптiк жаза қолдану мүмкiн болмаған кезде қолданылады.
Лауазымын төмендету түрiндегi тәртiптiк жаза төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болған және мемлекеттiк қызметшi осы лауазымға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.

Атқаратын қызметiнен босату түрiндегi тәртiптiк жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негiздер бойынша қолданылады

4.3. Тәртіптік лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттік әкімшілік қызметшіні оны тағайындаған басшы белгіленген тәртіппен жауаптылығы туралы мәселе шешілгенге дейін лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.

4.4.  Мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетінің заңсыздығы үшін жауап береді. Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметші, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.

4.5. Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады.

Таныстым _________________        ________________________________                                                                         (қолы)                    (мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің А.Ж.Т)

 

«___» ___________ 2016 жыл

 

Сайрам аудандық мәслихат

хатшысының

2016 жылғы «24 » мамыр

20 өкімімен бекітілген

4 қосымша

 

«БЕКІТІЛДІ»

Сайрам аудандық мәслихатының

хатшысы ____________Ж.Сүлейменов