2019 жылдың 18-19 желтоқсан күндері аралығында Сайрам аудандық мәслихатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республиксы Тәуелсіздігінің 28 жылдығы, Казақстан мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне орай, «Елін сүйген ер болар» тақырыбында екі кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны – 2019» байқауы өткізілді.

 

 

Байқауға қатысқан 12 үміткердің ішінен озық шығып, жүлделі бірінші орынды №52 М.Өзтүрік атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Балқыбеков Бауыржан, екінші орынды «Ақсукент» көпсалалы колледжінің оқытушысы Арипов Бағлан, үшінші орынды №50 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Дәулетов Досхан иеленді.