Аудандық мәслихат хатшысы, Қоғамдық кеңес төрағасы Жансерік Мұсаханұлы Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысын өткізді.
Аталған ісшараға Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссия төрағалары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Кеңес отырысында алдымен мәслихат хатшысы  2019 жылы  ауыл округтері мен елді мекендерді аралау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген көптеген мәселелердің қай дәрежеде шешілгенін бір қарап шықты. Оған қоса әлеуметтік-экономикалық және ауыл округтерінде орын алған өзекті мәселелерді анықтау мақсатында, олардың  шешілуіне ықпал ету үшін, 2020 жылы елді мекендерді толық аралап, тұрғындармен кездесіп,  ауыл жастарын қоғамдық мәселеге араласуын олар тарапынан ұсыныстарын қарап жолығуды жоспарлады.